Тәлімгер мен жас маман тандемі

Уақыты: 08.04.2024
Оқылды: 252
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда мектепте тәлімгерлік үдерісті жетілдіру мақсатында  облыстық «Педагогикалық тандем» жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның ерекшелігі сол, білікті ұстаз бен жас маман арасындағы шыығармашылық байланысты ашып көрсетеді. Бұл білім додасына ұытқы болған облыстық білім басқармасына қарасты «Әдістемелік орталық».

Жәрмеңкеге жалпы орта білім беру ұйымдарынан 12 тәлімгер мен педагогикалық  өтілі 3 жылдан аспаған 12 жас маман қатысты. Алғашқы кезеңде оқу үрдісі,  тәрбие үрдісі бағытындағы жұмыс ұсынылып,  қатысушылар ықшам сабақ, шағын тренинг, шебер-сынып, ортақ жұмыс жүйесі таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар 10 минут ішінде ортақ проект, т.б жұмыс  түрлерін бетпе-бет аудиториямен жүргізді.

Екінші кезеңде импровизациялық тапсырма орындап, 3 минут ішінде аудитория  алдында  берілген  тақырып бойынша тапқырлығы мен сөйлеу шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде I орынға «М. Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінен келген Айнагул Кенесбаева мен Мағжан Қожагелдінов ие болды. Одан кейінгі II орынды «Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының ұстаздары Мұратбек Асығат пен Бауыржан Дюсембаев қанжығалады. Ал III тұғырға алакөлдік Қабанбай батыр орта мектебінен Меруерт Бекенова мен Еркежан Есетқызы және  ескелділік  Ш.Уәлиханов мектебінен Есбол Есбосынов пен Салтанат Жұманова көтерілді.

Қазылар алқасының шемімімен  «Шығармашыл тандем» номинациясына сарқандық Сара атындағы мектептен Қорлан Жексенбекова мен Бақыт Чадаева, «Үздік педагогикалық ынтымақтастық» номинациясына көксулық Р.Толқымбекұлы атындағы  орта мектептен Гульнар Абдрахманова мен Бағнұр Дәулетхан лайық деп танылды.

Қалған қатысушылардың бәріне Алғыс хат табысталды.

Мұхтар Күмісбек