Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының басталды

Уақыты: 10.04.2024
Оқылды: 326
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2024 жылдың 8 сәуірінен бастап кенелердің белсенділігі маусымының басталуында орай, Жетісу облысында кене энцефалитінен табиғи ошақтарының аумақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары басталды.

Бүгінгі күнге Ескелді ауданында тұрғындар көп демалатын ашық аумақтарда 2,3 га көлемінде кенелерге қарсы өңдеу жүргізілуде. Барлық аудандар мен қалаларда өңдеу жұмыстарының 1-ші туры ауа райының болжамына байланысты 2024 жылдың 3 мамырына дейін жалғасады.

Тұрғындарға ескертеміз:

  • Құрметті тұрғындар, кенелерді жою бойынша жұмыстарды жүргізу туралы белгілері (жазуы бар қалқандар) бар аумақтарға барудан бас тартуды сұраймыз!
  • Кенелерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы белгісі бар орындарда 45 күн бойы мал жаюға тыйым салынады.
  • Өңдеу жүргізілген күннен бастап алғашқы 3 күн ішінде осы аумақтарға барудан, жерде жатып демалудан аулақ болыңыздар.
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті