«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Уақыты: 21.04.2024
Оқылды: 209
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қоршаған ортаны қорғау, айналаны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті.

Талдықорған қаласында Тіл сарайының ұжымы «Таза қала» акциясы аясында сенбілікке шықты.

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, ұжым мүшелері қаланың көркіне көрік қосып тұрған сәулетті нысандардың бірі – Тіл сарайы ғимаратының айналасына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді. Өздеріне бөлінген аумақта қоқыс қалдықтарын шығарып, орталық көшенің бойын тазалап, ортақ мекеннің көркеюіне бір кісідей белсене атсалысты.

"Жетісу-Ақпарат"