Алматы облыстық «Алатау арайы» газетіне бас редактор тағайындалды

Уақыты: 23.04.2024
Оқылды: 213
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қуаныш Абайбекұлы ТҰНҒАТАР Алматы облыстық қоғамдық-саяси «Алатау арайы» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.

Қуаныш Абайбекұлы 1988 жылы Алматы қаласында туған. Білімі - жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Гуманитарлық ғылымдардың магистрі.

Еңбек жолын 2012 жылы Алматы облыстық «Жетісу» газетінің Еңбекшіқазақ ауданындағы меншікті тілшісі болып бастаған.

Әр жылдары «Жетісу» газетінің тілшісі, аға тілшісі, бөлім редакторы, редакция меңгерушісі, веб-сайт редакторы қызметтерін атқарған.

2023 жылдың ақпан айынан Алматы облыстық «Алатау арайы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болды.

Облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасын иеленген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.