ЖМУ - ҮЗДІК СЕГІЗДІК САПЫНДА

Уақыты: 07.06.2019
Оқылды: 1243
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік – Рейтинг (IQAA-Ranking) Қазақстандағы үздік жоғары оқу орындарын анықтады. Осыған байланысты І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті үздік 18 оқу орнының арасынан 8-орынға жайғасты. Былтыр бұл кестеде аталмыш университет 10-орында тұрған.

Көп өлшемді институционалды рейтингті жүргізу барысында агенттік оқытушы-профессорлық кұрамның қызмет сапасын, студенттер қатары мен олардың білім көрсеткішін, оқу орнының ғылыми-инновациялық қызметін назарда ұстайды. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық пен университет веб-сайттарының бағасын есепке алды. Рейтинг көмегімен агенттік жоғары оқу орындарының деңгейін және білім берудің барлық аспектілерін қамтитын оқыту бағдарламалары мен қызметін салыстырады. Білім беру бағдарламаларын бағалау барысында жұмыс берушілер мен сарапшылар- дың көзқарасы ерекше ескеріледі.

Биыл қазақстандық ЖОО веб-сайттарының рейтингі бойынша ЖМУ 116 оқу орнының арасынан 31-орынға табан тіреді. Ал бакалавр мен магистратура білім беру бағдарламаларының рейтингі нәтижесінде жүлделі 14-орынға ие болды. Бірінші орында бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, екінші орында тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, музыкалық білім, педагогика және психология, математика, құқықтану, үшінші орында педагогика және психология, математика, құқықтану, физика тұр. Сонымен қатар, Университет Academic Ranking of World Universities – European Standard (ARES-2019) Халықаралық ЖОО рейтингіне қатысып, оқыту сапасының "А" категориясына еніп, Қазақстан Республикасындағы 94 жоғары оқу орны арасында 13-орыннан 7-орынға көтерілгенін айта кеткен жөн. Жетісу университетінің халықаралықта 7-орынға, қазақстандық рейтингте 8-орынға көтерілуі ондағы оқу бағдарламасының жыл өткен сайын жаңа сапаға көтеріліп келе жатқанын, оқытушы-профессорлық құрам қызметінің жоғары деңгейге жеткенін көрсетеді.

Қазақстандағы үздік көпсалалы ЖОО ұлттық рейтингі. Қорытынды нәтиже

ЖОО атауы

Қортынды нәтиже,
%

1

2

3

1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

99,72

70,00

15,00

14,72

2

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

84,72

57,23

12,49

15,00

3

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

53,89

38,42

8,04

7,43

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

53,89

38,96

9,59

5,34

5

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

48,76

39,83

4,87

4,06

6

Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

43,00

34,73

4,11

4,16

7

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті     

42,76

31,77

4,75

6,24

8

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

41,99

32,10

2,07

7,82

9

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

38,65

32,47

2,74

3,44

10

Сүлейман Демирель атындағы университет

        

37,39

28,95

3,25

5,19

11

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті      

36,44

31,76

1,73

2,95

12

Инновациялық Еуразия университеті

        

35,40

31,22

1,94

2,24

13

Халықаралық білім беру корпорациясы

        

29,70

25,74

1,35

2,61

14

Каспий қоғамдық университеті

        

29,54

28,15

0,53

0,86

15

Yessenov University

        

28,90

26,21

1,14

1,55

16

«Сырдария» университеті

        

24,64

22,83

0,55

1,26

17

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

23,09

19,69

1,13

2,27

18

Шымкент университеті

19,58

18,06

0,42

1,10

 

Ескерту. 1 – Оқу орнының академиялық қызметі, %; 2 – Сарапшылардың репутацияны бағалауы, %; 3 – Жұмыс берушілердің репутацияны бағалауы, %.

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖМУ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ