"БІР ҮЙДЕ ТҰРҒАН": ШЕЛЕК АУЫЛЫНДА ТАҒЫ АЛТЫ АДАМНАН ВИРУС ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 23.04.2020
Оқылды: 1394
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 23 сәуір, сағат 13:00-дегі жағдай бойынша 65 адамға жетті.

Күні кеше аймақта тағы жеті адамнан вирус анықталған еді. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, олардың 6-уы - 1957, 1980, 1987, 2001, 2013, 2016 жылы туған Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылының тұрғындары. Олардың бәрі де - бұған дейін ауырған 1939 жылы туған азаматпен бір үйде тұрғандар. Бұл 6 адам Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың тағы біреуі Іле ауданында тіркелді. Талғар ауданының 1994 жылы туған тұрғыны диагнозы анықталғаннан кейін Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Ол бұған дейін ауырған пациентпен байланыста болған. Жұмыс барысында 25 адаммен қарым-қатынас жасаған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

23 сәуір күні анықталған үш сырқат Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының 1979, 1983 жəне 1969 жылы туған азаматы. Олардың екеуі Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөіліміне, біреуі Еңбекшіқазақ ауданаралық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Олармен 38 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Оларға эпидемиологиялық зерттеу жасалуда.

Жалпы, Алматы облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны – 9. Ел бойынша қайтыс болғандар 20 адамға жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды