"82 ЖАСҚА ДЕЙІН ҚҰЖАТСЫЗ ЖҮРГЕН": КӨПШІЛІКТІ ТАҢ ҚАЛДЫРҒАН КЕЙУАНА

Уақыты: 24.09.2020
Оқылды: 978
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында 82 жастағы кейуана бірінші рет жеке куәлігін алды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кейуана алғаш рет 82 жасында өзінің алғашқы куәлігін алды. Егде жастағы азаматшаға құжатты Алматы облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері табыстады. Одан өзге тағы үш тұрғын өздерінің жеке тұлғаларын алғаш рет ресми түрде тіркеді. Бұдан былай бұл азаматтар Қазақстан Республикасының тең құқылы азаматтары болып саналып, лайықты зейнетақыларын ала алады.

- Бізге өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған оңалту орталығының қызметкері жүгінді. Ол жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ үш адамның орталықта орналасқанын жеткізді. Бұл адамдардың ешқашан құжаттары болмаған. Кейбірінің тіпті азаматтығы да жоқ еді. Барлық қажетті құжаттарды жинап, тиісті органдарға көптеген сұраныстар жолдай отырып, оларға құжаттарды тапсырдық. Енді олар біздің барлық азаматтарымыз сияқты мемлекеттік зейнетақыға үміткер бола отырып, күнкөріс үшін қаражат ала алады, - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Елмұрат Нұрсейітов.

Спикер бұл іс-шараның бір реттік акция емес, тұрақты негізде өткізілетінін хабарлады. «Біз құжаттарды алып кете алмайтын азаматтарға апарып береміз және құжаттауға байланысты туындайтын мәселелерде көмек көрсетеміз. Айта кету керек, жыл басынан бері Қазақстан азаматтығына 7508 азамат қабылданды. 353 адам Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналды және танылды. Жалпы облыс бойынша жиырма бес мыңнан астам шетел азаматы тіркелген. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 159 шетелдік елден шығарылды», - деп толықтырды полиция полковнигі Елмұрат Нұрсейітов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"