Ресейдің қорғаныс министрі Қазақстанға келді

Уақыты: 26.04.2024
Оқылды: 280
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Астанаға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Адырна» сайтына сілтеме жасап.

Ол бүгін, 26 сәуірде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатыспақ.

Іс-шара барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ШЫҰ форматындағы қорғаныс ведомстволарының одан әрі ынтымақтастығын талқылау жоспарлануда.

Айта кетейік, ұйымға Қазақстан, Ресей, Пәкістан, Қытай, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан елдері кіреді.

Фото: dzen.ru