Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЖАҢБЫР, ҚАР, КӨКТАЙҒАҚ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ СУЫТАДЫ

Уақыты: 23.10.2020
Оқылды: 1175

"Қазгидромет" РМК Алматы облысының сенбі-жексенбі күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті маңызды ескерту жариялады.

Алматы облысында демалыс күндері (23, 24, 25 қазан) жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деп күтілуде. Әсіресе, облыстың таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай екпіні қатты жел соғады. Желдің екпіні секундына 9-14, 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін төмендейді. Тіпті, кейбір жерлерде 3-5 градусқа дейін суытады.

Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдай қызметкерлері жолға шығатын тұрғындарға мынадай маңызды ескерту жариялайды:

- жолға шығар алдында ауа райына мұқият қараңыз;

- тез арада көлікке қыстық дөңгелектер салыңыз;

- көлікте күрек, балта, жылы киімдер және сіріңке, майшам, қосымша азық-түлік қорын және көлік сүйрейтін трос, дәрі-дәрмек, қуаты толық ұялы телефон алып жүріңіз.

- төтенше жағдай туындаса, 112 немесе 101 телефон номеріне хабар беріңіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"