ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ҚҰРЫЛЫС ЗАТТАРЫНЫҢ БАҒАСЫ ӨСЕ МЕ? АРНАЙЫ ЖИЫН

Уақыты: 12.02.2021
Оқылды: 1573
Бөлім: ЭКОНОМИКА

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бағытында, сонымен бірге, бастапқы тұрғын үй мен құрылыс заттарының бағасын ұстап тұру тақырыбында жиын өткізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жиында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру, «Open Space» кеңсесі, тұрғын үй салу, құрылыс материалдарын өндіру және сатуға қатысты мәселелер талқыланды.

Қатысушылар бастапқы тұрғын үй мен құрылыс материалдарын салу нарығындағы қазіргі жағдаймен танысты. Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында монополияға қарсы комплаенс сыртқы актісін қабылдау мүмкіндігі бар екенін хабарлады.

Құрылысшылар құрылыс материалдары құнынын көтерілуіне қатысты мәселелерді көтерді, атап айтқанда, негізгі жеткізушілер - «Модуль Сталь» ЖШС мен «Стил Двор-Астана» ЖШС арматура бағасын шарықтатып жіберген.

Департамент басшысы бағаның көтерілуіне қатысты барлық мәселеге толыққанды жауап берді. Сондай-ақ, бұл іс-шараны әр апта сайын жұма күні өткізіп отыру жоспарланды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан