НҰР-СҰЛТАННАН КЕЛГЕН МӘЖІЛІСМЕНДЕР ІЛЕ АУДАНЫНА АТ БАСЫН БҰРДЫ

Уақыты: 11.05.2021
Оқылды: 1215
Бөлім: ЭКОНОМИКА

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әлия ӘБСЕМЕТОВА мен Мақпал ТӘЖМАҒАМБЕТОВА Іле ауданына келді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Құрметті қонақтарды "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаева қарсы алды. Олар Іле ауданындағы іссапарын Өтеген батыр ауылындағы саябақ пен орталық спорт алаңын көруден бастады.

Депутаттар спорт алаңында жаттықтырушымен, балалармен тілдесіп, қазіргі уақытта  қандай өзекті мәселелер бар екендігін сұрап, балалардың жаттығуымен танысты. Депутаттарымыздың келесі кездесуі Өтеген батыр кентінде орналасқан «Қуат» балабақшасында жалғасын тапты. Күрделі жөндеуден кейінгі балабақшаның жай-күйімен танысып, балабақша тәрбиешілерімен тілдескен астаналық қонақтар күрделі жөндеуден кейінгі балабақшаның кем-кетігімен танысып, бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды ұсынды.

Тілдесу барысында депутаттар балабақша басшылығына балаларды кішкентай кезінен патриоттық тәрбиеге баулуға, домбыра, тоғызқұмалақ, тағы да басқа ұлттық аспаптар менен үйірмелер ашуға ұсыныс айтты.

Келесі  кезекте Мәжіліс депутаттары мен партия басшылығы Қараой ауылындағы партияның сайлауалды бағдарламасында жоспарланып салынып жатқан 900 орынды орта мектептің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс басында жұмысшылар толығымен жұмыс жасауда. Нысанның 80 пайызы аяқталған. Мердігер компания осы жылдың тамыз айында жоспарға сай тапсыратындықтарын айтты. Депутаттар осы мектептің ойдағыдай салынып жатқандығына ризашылықтарын білдіріп, бұл мектепттен тек білімді де дарынды оқушылардың шығатынына сенім білдірді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"