ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР - ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЙНАР БҰЛАҒЫ, ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Уақыты: 08.08.2021
Оқылды: 1488
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Еліміз үшін күнтізбеде белгіленген әр мерекенің өзіндік орны бар. Сондай айтулы күннің бірі – тамыз айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Құрылысшылар күні. Бұл мерекеде көптеген құрылысшыға қанат бітеді, мерейі асады. Ел болашағы үшін жасалып, әр елді-мекенге көрік беретін алып құрылыстың іргесін қалап жүргендерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Құрылысшылар қашанда халық тарапынан ыстық ықылас пен ілтипатқа ие. Өңір дамуына және өркендеуіне үлес қосып жүрген құрылысшыларға айтар алғыс ерекше. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Тұрғын үй құрылысы – біздің экономиканың жаңа бастауы, басты күші», - деп баса айтып өткен еді.

Құрылысшылар қолынан шыққан үй, мектеп, емхана сияқты көптеген мекемелер, пәтерлер халық үшін, ел болашағы үшін жасалған ерекше еңбек. Еңбек қашанда бағалануы керек. Сол себепті де еліміз Құрылысшылар күнін күтеді, ерекше атап өтеді. Өз кезегімізде біз де қиындығы көп еңбектің иесін мерекемен құттықтаймыз!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды