ҚИЫРШЫҚ ТАС ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ДЕПАРТАМЕНТКЕ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҰСЫНҒАН

Уақыты: 06.09.2021
Оқылды: 998
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті аймақтағы құрылыс материалдары нарығына талдау жүргізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жүргізілген талдау негізінде Еңбекшіқазақ ауданы бойынша қиыршық тас өндірушілердің мекенжайына монополияға қарсы органның ден қою шаралары қабылданды. Атап айтқанда, «АКНМ» ЖШС мен «Кентас» ЖШС-не қатысты хабарламалар шығарылды.

Жоғарыда аталған нарық субъектілері қиыршық тас бағасын төмендету жолымен хабарламаны орындаған. Алайда «Кентас» ЖШС-нен келіп түскен жаңа материалдарды зерделеу кезінде департамент хабарламасының орындалмағаны анықталды. Осылайша, «Кентас» ЖШС-нің хабарламаның орындалуы туралы бұрын берілген ақпараты жалған болып шықты. Осыған байланысты «Кентас» ЖШС-не қатысты монополияға қарсы органға жалған ақпарат бергені үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, хабарламаның орындалмауына байланысты аталған департаментпен бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуын жою үшін «Кентас» ЖШС-ге қатысты тергеу жүргізу туралы шешім қабылданды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды