108 жоба жүзеге асады

Уақыты: 25.08.2017
Оқылды: 1199
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Өңірлердің әлеу­мет­тік-экономикалық да­муы және мемлекеттік бағдар­ла­ма­лардың іске асырылуы бо­йын­ша Көкше төрінде өткен келелі кеңесте Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев әкімдер­дің алдына бірқатар мәселе­лерді қойған болатын. Осыған орай әкімдікте арнайы жиын өтіп, облыс әкімі Амандық Баталов облыстық басқар­малар мен департамент­тердің басшыларына, аудан, қала әкімдеріне бірнеше тапсырма берді.

– Биылғы жылдың өткен  7 айының әлеуметтік-эконо­микалық даму қорытындысы шығарылды. Біздің алды­мыз­да бірнеше маңызды тап­сыр­ма тұр. Мемлекеттік «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағ­дар­ламаларының орындалуы Елбасының ерекше бақы­ла­уын­да. Сол себепті, осы және өзге де бағыттар бойынша жұмыстарды қарқынды жүр­гізу қажет. Мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік механизм­дерін қолдану мәселесіндегі, соның ішінде денсаулық сақ­тау саласында осы механизм­ді қолдануда белсенді жұмыс­тар жүргізуіміз керек.Өңірге инвестиция тарту да ерекше назарда. Сондықтан да, аудан, қала әкімдері мен басқарма және департамент басшы­лары­на осы аталған тапсыр­маларды орындауда үлкен жауапкер­шілік танытуын сұ­рай­мын. Аталған бағыттар­дың орын­далуы әрбіріңіздің атқарған жұмыстарыңыздың айқын көр­­сеткіші болып та­бы­лады, – деді облыс бас­шысы.

Жиын барысында облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасын орындауға ерекше назар аудару қажеттігін де атап өтті.

Амандық Ғаббасұлы об­лыс­тық ішкі саясат басқарма­сының басшысы мен осы сала­ға жетекшілік ететін орын­басарына:

– Облыста «Рухани жаң­ғы­ру» бағдарламасын іске асы­ру бағытында қолға алынған жұмыс­тарды жандандыру қа­жет. Бізде көп мүмкіншіліктер бар, алайда белсенділік таныту жағы ақсап тұр. Істеліп жатқан жұмыстарыңызда нақтылық байқалмайды. Жаңаша көз­қараспен қарап, тиісті шаралар қабылдаңыздар, – дей келе «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасын жүзеге асыру мақса­тында арнайы ашылған Талды­қорған қаласындағы облыстық  жобалық кеңсе жұмысын қайта қарап шығуды тапсырды.

Жалпы облысымызда «Ру­­ха­­ни жаңғыру» бағдар­ламасы бойынша  108 жоба жасалып, жүзеге асуда. Оның ішінде «Туған жер», «Ата­мекен» ба­ғы­ты бойынша 21 жобаны іске асыру көз­деліп отыр. Оның ең ірісі Еңбек­ші­қазақ, Кербұлақ ау­дан­дарын­да жүзе­ге аспақ. Елбасының үндеуін қолдаған осы аудан­ның кәсіп­керлері өз баста­маларымен мәдениет және демалыс сая­бақ­тарын қор­шап, қосымша білім беру орталықтарын ашуды, ком­пью­терлік сауат­тылық, ағыл­шын тілі бойын­ша жастар­дың білімін арт­тыру­ды көз­деп отыр. Соны­мен қатар үлкен бір жоба Қарасай ауда­нында жүзеге асып, қыркүйек айы­ның ба­сын­да «Батыр ба­ба­лар» атты музей-кешені ашылмақ. Жыл соңына дейін жүзеге асатын 21 жобаға ке­те­тін қара­жат 2 млрд. теңгені құрап отыр.

Қолға алынатын тағы бір жоба – Талхиз, Қойлық сын­ды көне қалалар мен Бес­шатыр қорымына археоло­гиялық қаз­балар жүргізіп, аспанасты музейіне айнал­дыру. Бұл бо­йын­ша бүгінде құжаттандыру жұмыстары  жүргізілуде.

«Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы бойынша жұмыс­тарды саралаған облыс бас­шысы әлі де жобаларды же­тіл­­діру, балалар үшін жаңа дү­­ние­лер ойлап тауып, аула­лар­ды халықтың санасының жаң­ғыруына әсер ететіндей қазақы үлгіде сәндеу сынды өзгеше ізденістің қажеттігін атап өтті. Аудан әкімдеріне де осы іске айрықша мән беруді тапсырды. Аталмыш бағдар­лама бойынша қаражат көле­мі келер жылы 1 млрд. теңге­ге ұлғайтылатынын да жет­кізді.

Алма ЕСЕНБАЕВА.