АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АГРАРЛЫҚ САЛАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІ ӨТЕ ТӨМЕН

Уақыты: 21.03.2022
Оқылды: 1785
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Аграрлы аймақ саналатын Алматы облысында ауылшаруашылық саласын қаржыландыру өте төмен. Бұл мәселені Алматы облыстық мәслихатының бюджетті жоспарлау тұрақты комиссиясының төрағасы Секенбай Шеңгелбаев жеткізді. Оның айтуынша, өңірде ауылшаруашылық саласын қаржыландыру жағы өте аз.

«Біздің Алматы облысының бюджеті 857 млрд.теңге болса, оның 61,3% әлеуметтік салаға бөлінсе, оның ішінде, тек білім саласына 434 млрд.теңге бөлінеді. Ал ауылшаруашылық саласына небәрі 9% ғана қаражат бөлініп келген. Оның өзінде 9 пайыздың өзі толықтай ауылшаруашылық емес, оның ішінде, орман шаруашылығы тағы бар. Яғни, шындап келгенде, ауылшаруашылық саласына 4,7 % ғана қаржыландыру жүріп келеді. Сондықтан, бұл мәселені дұрыс жолға қою керек. Қаржыландыруды көбейту керекпіз. Себебі, Алматы облысының драйвері - ауылшаруашылық саласы», - деді бюджетті жоспарлау тұрақты комиссиясының төрағасы Секенбай Шеңгелбаев.

Спикер Жетісу жерінде қант қызылшасын өсіру алқабын көбейтуді қолға алуды ұсынды. «Қант ол керек дүние. Ертең қант тапшылығы болса, бәрі қымбаттайды. Сондықтан, субсидия көлемін ұлғайту керек», - деді Алматы облыстық мәслихатының депутаты Секенбай Шеңгелбаев.

Айта кетейік, Талдықорғанда Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссия төрағаларының қатысумен жиын өтті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"