ДӘРУМЕНГЕ БАЙ ҚҰРАМА ЖЕМ

Уақыты: 31.01.2023
Оқылды: 1438
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Осыдан он жыл бұрын мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын өрістету мақсатында Панфилов ауданы аумағында «Қорғас-шығыс қақапасы» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл тәуелсіз Қазақстанның отандық және шет елдік инвесторларының өндіріске қаржы жұмсаудағы белсенділігін артыратын ірі жобасы болды.

 Арнайы аймақтағы «Құрғақ порт» халықаралық жүк тасымалында өзінің экономикалық тиімділігін танытып үлгірді. Логистикалық орталықта дайындық шаралары атқарылуда. Индустриялық орталықта қазір он шақты өндіріс көзінің құрылысы салынып, өнім өндіруге кірісуде. Солардың бірі өткен жылдан бері құрама жем шығара бастаған-«SSA Feed Mills» ЖШС. Оның қазіргі жылдық өнім өндіру қуаты 60 мың тонна құрама жем шығарып, шет елге және жергілікті халыққа сату. Бүгінге дейін бұл зауыттан 1 мың тоннадан аса түйіршектелген құрама жем сатылған. Жем тартушы, түйіршектеуші және қаптаушы цехтарының еңбеккерлері мен технолгтар ай сайын 250-270 тонна мал мен құс азығының 20-дан аса түрін дайындайды. Мұнда құрама жемге жүгері, бидай, майбұршақ, арпа, сұлы дәндері, басқа да мал ағзасына пайдалы дәруменді заттар қолданылады. Мал азығындағы протеин, кальций, фосфор, коротеин мөлшерінің талапқа сай болуын озық үлгідегі жабдықтармен жарақтандырылған арнайы сарапхана қызметкерлері бақылайды.

– Жалпы 46 маман еңбек ететін кәсіпорында ірі қара, жылқы, қой, шошқа, балық, құсқа қажет толық рационды жем өнімдері өндіріледі,– дейді зауыт директоры Сергей Нам.

– Олардың әрқайсысы тапсырыс берушілердің жеке рецепті бойынша жасалады. Ит тамағын дайындауға да ұсыныс түсуде. Зауытқа орнатылған автоматтық басқарудағы озық үлгідегі құрал жабдықтармен кез келген жануар азығын дайындауға мүмкіндік мол. Зауыт толық қуатында жұмыс істесе қызыметшілер санын 100-ге дейін көбейтіп, үш ауысымда тәулігіне 10 тоннаға дейін өнім өндірмекпіз.

Кәсіпорын директорының айтуынша, қоспажем шығарудан өзге астық сақтайтын сыйымдылығы 15 мың тонналық элеватор бар. Жалпы 7 адам еңбек ететін элеватор жергілікті кәсіпкерлердің бидай, жүгері дәнін сақтап, өңдеп, дайын астықты елдің және Тәжікстанның кәсіпорындарына жөнелтіп, коммерциялық қызмет көрсетеді. Зауытқа темір жол желісі тартылған.

АЭА аумағында салынған бұл зауыт өнімдері негізінен қытайға қоспа жем сатуға бағытталған. Әлемді жайлаған індетке байланысты құрама жем ел аймақтарындағы кәсіпорындар мен Тәжікстан фермерлерімен жұмыс істеуде. Құс пен балық жемі отандық құс өсірушілер мен балықшыларға жіберіледі. Тараз қаласы мен Қордай фермерлері ірі қара бордақылайтын құрама жемге тапсырыс беруде. Ауылдағы елдің негізгі кәсібінің бірі мал бордақылап сату. Олардың көбі малын бидай, арпа, жүгері жемімен бағады. Дәруменмен байытылған құрама жемнің түліктің тез жетілуіне, ет сапасының артуына пайдалы.                        

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы