ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ КҮНІ

Уақыты: 28.11.2017
Оқылды: 2278
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Келесі жылдан бастап елде жерге орналастыру, геодезия және картография күндері белгіленетін болды. Үкімет мұндай шешімді кәсіби күндерді құру шеңберінде қабылдады. Мұның геодезия және картография саласындағы кәсіби қызметкерлер үшін маңызы зор. Геодезия ғылымы біздің заманымызға дейін қалыптасты. Мысалы, 1700 жылы мысырлықтар геодезиялық өлшеу үшін «Папирус Ринд» тәжірибелік геометрия оқулығын құрастырды. Мысырлықтардың геодезиялық тәжірибесін көне гректер де қолданды. Геодезия сөзінің мағынасы грек тілінен аударғанда «жер бөлу» дегенді білдіреді.

Геодезиялық өлшеу жүргізу жұмыстары аумақ пен мемлекеттік шекараны, сондай-ақ, нақты жер телімдерін және азаматтық жер дауларын мемлекет тұрғысынан жайластыру мәселелерін шешу үшін қажет болды. Геодезиялық өлшеу техникасы – мемлекеттің әкімшілік-аумақтығын ұйымдастыру, жер иелену, жерді пайдаланудың құқықтық мәртебесін бекіту, түрлі нысан салу үшін әртүрлі карта мен атластар құрастырудың негізі. Қазіргі тәжірибе бойынша геодезияны – барлық жер бетін немесе жеке бөлігінің көлемін өлшеу арқылы оларды есептеп өңдеу, карталарды, жоспарлар мен көріністерін құрастыру, оларды инженерлік, экономикалық, басқа да мақсаттарға пайдаланатын әдістерді зерттейтін ғылымға жатқызады. Сондықтан инженерлік ғылым ретіндегі геодезия математика мен физикаға сүйенген географиямен де, сондай-ақ, геология, геоморфология мен топырақ зерттеу, егін шаруашылығы мен геоботаника, жерге орналастыру, сәулет және құрылыс жобалаумен тығыз байланысты. 
«Қазгеодезия» РМҚК «Қазгеокарт» филиалы – елдің геодезиялық қызметіне қатысушылардың бірі. Оның 1944 жылы құрылуы бастапқыда Қазақстанның аэрогеодезиялық жұмыстар жүргізуге қатысты картографиялық негіздерді өзектендіру қажеттілігімен байланысты болды. Осыған дейін ұйымдық-құқықтық нысан едәуір өзгерістерді бастан кешірді. Мәселен, 1944 жылы КСРО Геодезия және картография бас басқармасы, 1991 жылы № 6 Қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорнынан Алматы геодезиялық орталығы, 1992 жылы Алматы картографиялық-геодезиялық кәсіпорны, 1993 жылы «Алматыгеокарт» өндірістік бірлестігі, 2000 жылдан бастап «Қазгеокарт» республикалық кәсіпорны, қазір «Қазгеодезия» РМҚК «Қазгеокарт» филиалы деп аталады. 
Негізгі қызметтері де өзгерген жоқ. Олар: мемлекеттік геодезиялық желілерді зерттеу және қалпына келтіру, геодинамикалық полигондармен қоса жоғары дәлдікте геодезиялық өлшеулер, жоғары дәлдікте геометриялық нивелирлеу, сандықпен қоса барлық масштаб қатарындағы топографиялық карталарды құру, М 1:500-1:10 000 ірі масштабты топографиялық түсірілім, су, бөгет, көл қайраңының түсірілімі, топографиялық карталарды жаңарту, аэроғарыш түсірілім материалдарын өңдеу, ҚР Мемлекеттік шекарасын демаркациялау, геодезиялық жабдықтарды жөндеу және метрологиялық қызмет көрсету. 
Кәсіпорын қызметіне жерсерік технологиясына GNSS – қабылдағыштарының соңғы үлгісін пайдаланған жұмыстар, геодинамикалық полигондарда ел аймағының Оңтүстік шығысындағы жер бетінің түрленуі туралы талдау жасау енеді. Тәжірибелік нәтижелер теңіз мұнай және газ кен орындарын меңгеруде айтарлықтай табыс әкелді. «Теңізшевроил» ЖШС болып табылатын кәсіпорын оған тұрақты түрде геодезиялық қызмет көрсетіп келеді. Ірі тапсырыс берушілер қатарында телекоммуникация, сумен қамтамасыз ету, магистральді логистика саласындағы компаниялар мен ұйымдар бар. Атап айтқанда, «Алматы жылу желісі» АҚ, «Көк-төбе паркі» ЖШС, Ядролық физика институты, «Қазаэронавигация», «ҚазАтомПром» акционерлік қоғамдары, тағы басқалары. 
Біздің жаңа арнайы құралдар мен геоақпараттық технология негізінде су нысандарының батиметриялық түсірілім саласындағы тәжірибе әлеуетті тапсырыс берушілер арасында қызығушылық танытуда. Сондай-ақ, кәсіпорын елдің геодезиялық құралдарды тексеруге арналған жалғыз сертификатталған Алматы эталон сызықтық базисі бола тұрып, өлшеу құралдарының метрологиялық қамтамасыз ету саласын да толықтырады. Қазіргі таңда кәсіпорынға тапсырыс берушілер көбеюде. Олар геодинамикалық полигон бойынша мемлекеттік шекараны демаркациялау, топографиялық-геодезиялық, картографиялық жұмыс өндірістерінің жоспарлы және жоғары дәрежелілігін мемлекеттік тапсырма негізінде қамтамасыз ету, келісімшарт жұмыстары мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен атқарылады. 
Топографиялық – геодезиялық деңгейді арттыру мақсатында кәсіпорын геодезиялық құралдар мен жабдықтарды метрологиялық тексеруден өткізеді. Бүгінде кәсіпорын толық өткен санды технологиялардың бәсекелесу қабілетін жақсартуға айтарлықтай басымдық танытты және барлық жұмыс түрін жедел орындаудың кепілі болды. Мәселен, планды-биіктік тораптарды құру және дешифрлеу жұмыстарымен бірге сандық топографиялық карталарды жерді алдын ала қашықтықтан тексеру мен ортофотоплан материалдары бойынша жаңартудың кешенді жұмыстары болып табылады. Спутниктік геодезиялық торапты «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде құру арқылы позициямыздың даму деңгейі жоғарылайды. Кәсіпорын өзінің қол жеткізген табыстарына қарамастан «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа кірісуге дайын. 

Жақсыбек АБДЕЛЬДИНОВ,
«Қазгеодезия» республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазгеокарт» 
филиалының директоры.