Ақсу зауыты қамыс қантын өндіреді

Уақыты: 18.04.2023
Оқылды: 872
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Ақсу қант зауытында қамыс қантын өндіретін жаңа желі іске қосылады. Қайта өңдеуді бастау үшін бүгінде бәрі дайын. 

Қазір 3 мың тонна шикізат сатып алынып, аумаққа жөнелтілді. Тағы 7 мың тонна шикізат жеткізіледі деп күтілуде. Ол келгеннен кейін өндіріс басталады. Еңбеккерлер 10 мың тонна шикізат болған кезде қайта өңдеу жұмысына кіріседі. Биыл кәсіпорында 40 мың тонна қамыс қанты өңделеді. Жалпы, аймақта 132 мың тонна түйіршіктелген қант өндіріліп, жергілікті тұрғындардың оған деген қажеттілігін жауып, басқа облыстарға жеткізілім ұйымдастырылады. 

2026 жылға қарай елде қант қызылшасының егіс алқабын екі есеге кеңейту көзделіп отыр. Көксу қант зауытында шикізатты қайта өңдеу желісі 2 жыл бұрын, яғни, алдыңғы жылы іске қосылған. Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелуді қолдаған болатын. Квота 350 мың тонна (9 ай) деңгейінде белгіленген. Бұл мәселе күзде қайта қозғалып, қажет болса, олар оны жаңа егіннің көлемін ескере отырып қайта қарамақ.

Айгүл Байжұмақызы
Ақсу ауданы