ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА МҮШЕ ЕЛДЕР ДЕКЛАРАЦИЯ ҚАБЫЛДАДЫ

Уақыты: 26.02.2024
Оқылды: 304
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Әбу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) өтіп жатқан Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 13-ші министрлік конференциясы аясында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Даму мақсатында инвестицияларды оңайлату жөніндегі іс-шараға қатысты.


Қазақстанды қоса алғанда, ДСҰ-ға мүше елдердің 126 сауда министрі ДСҰ-ның Даму мақсатында инвестицияларға жәрдемдесу туралы келісімі (бұдан әрі - Келісім) бойынша келіссөздерді ресми аяқтау туралы министрлердің бірлескен декларациясын қабылдады.

2017 жылы бастау алған Келісім бойынша Бірлескен мемлекеттік бастама, Қазақстанды қоса алғанда, Буэнос-Айрестегі ДСҰ-ның 11-ші министрлер конференциясында 70 елдің бірлескен мәлімдеме жасауынан басталды. Қазіргі уақытта Келісімді ДСҰ-ның 126 мүшесі қабылдады, олар тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу үшін тұрақты инвестицияларға қол жетімділікті жақсартуға тырысуда.

Келісім инвесторлар үшін ашық және болжамды жағдайлар жасау үшін инвестицияларды ынталандырудың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы инвестициялық және іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған. Бұл 2029 жылға қарай кемінде 150 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартуға бағытталған инвестициялық ахуалды жақсарту жолымен экономиканы әртараптандыру жөніндегі Қазақстанның ұлттық басымдықтарына сәйкес келеді.

Қазақстан, Келісім тікелей шетелдік инвестицияларды ұлғайтуға жәрдемдесуді жалғастырады және инвестициялық мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосады деп күтеді.

Келісімге қатысу ашықтықты арттырады, әкімшілік процедураларды жеңілдетеді және инвесторлар үшін қолайлы ортаны білдіретін жаһандық тәжірибе алмасу платформасын қамтамасыз етеді.