АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ САПАСЫН БАҚЫЛАЙТЫН МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫ АУЫСТЫ

Уақыты: 27.08.2020
Оқылды: 1028
Бөлім: ЭКОНОМИКА

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының директоры болып Ардақ Серікұлы ИМАНҚҰЛОВ тағайындалды.

Ардақ Серікұлы Алматыдағы Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтының түлегі. Мамандығы - инженер-құрылысшы.

Ол өзінің еңбек жолын «ҚазЖол» ғылыми-техникалық инженер орталығында техник-лоборант болып бастаған. Мұнан соң «Астана Жол жобалау» ЖШС-да зертхана меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2014-2020 жылдар аралығында «Алматы Сапа инжениринг» ЖШС-да техникалық қадағалау жөніндегі қызметтің басшысы болып істеген. Қай салада болсын біліктілігімен, ұйымдастырушылығымен танылған Ардақ Серікұлы өзіне жүктелген әрбір жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"