Қазақстанға құйылған инвестициялық қаражаттың басым бөлігі Еуропа елдерінде

Уақыты: 11.04.2023
Оқылды: 988
Бөлім: САЯСАТ

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі $28 млрд-ты құраса, оның басым бөлігі Еуропа елдерінің үлесінде,  деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Үкімет үйінің баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп.

Шынында да инвестицияның елге тартылу көрсеткішінде алдыңғы орынға Еуропа елдері шыққанын байқауға болады. Мәселен, рейтингте Нидерланд 8 млрд. доллардан астам қаржымен көш бастаса, одан кейінгі орынды АҚШ 5,1 млрд. доллармен еншілеген. Ал топ үштікті Швейцария 3 млрд. долларға жуық қаржымен түйіндеген.

Бұдан Қазақстаннның инвестициялық саясатында да айтарлықтай оң өзгеріс пен басқаша еуропалық таңдау үлгісін байқауға болатындай. Оны төмендегі көрсеткіштен байқа й аласыздар.

Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер: Нидерланды – $8,33 млрд (өсім – 19,7%), АҚШ – $5,1 млрд (+81,9%), Швейцария – $2,8 млрд (+2,4%), Бельгия – $1,56 млрд (+46%), Ресей – $1,52 млрд (-19,7%), Оңтүстік Корея – $1,48 млрд (+84,8%), Қытай – $1,43 млрд (-22,5%), Франция – $770,2 млн (+27,4%), Ұлыбритания – $661 млн (-35,7%) және Германия – $469,5 млн (+45,4%)

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ