"Өлім жазасына да келісемін": Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты

Уақыты: 16.06.2023
Оқылды: 1012
Бөлім: САЯСАТ

Ұлттық музейдің экс-директоры өзіне тағылған айыпты мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Dalanews.kz сайтына сілтеп.

Оның айтуынша айыптың дерлігі ойдан шығарылған, «сот барысында ақша жымқыру фактісі бойынша бірде-бір дәлел келтірілмеген».

«Аса құрметті сот! Қазақта «өлімнен ұят күшті» деген тамаша мақал бар. Мен кез келген жазаға, тіпті өлім жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқырған жоқпын. Бұл жала, – деді Мұхамедиұлы сотта.

Бұрынғы министрге Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болып тұрған кезінде «бюджет қаражатын ысырап етті» деген айып тағылды. Сот сәуір айында басталған.

Естеріңізде болса, прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Тағы оқығыз: Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін өлтірмек болған.

Сурет ғаламтордан алынды