"Үстінен сотқа беру керек". Ринат Зайытов өзіне сын айтқандарға жауап берді

Уақыты: 13.10.2023
Оқылды: 3623
Бөлім: САЯСАТ

Депутат Ринат Зайытов әлеуметтік желіде сын пікір айтқандарға жауап берді, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Депутат жариялаған видеода түрлі пікірді байқауға болады.

"Кімге сен керексің, Ринат? Жоғалшы! Түріңді көрсем тамақ іше алмаймын көпке дейін", "Ринат та сатқын", "Нең бар саясатта?", "Нағыз түлкі", "Ринат Зайытов үстінен Еговқа сотқа беру керек", "Сен де қудың ғой", "Ринат сен де өзгеріп бара жатсың, түрің айтып тұр", - дейді олар.

Депутат бұл сындарға өлеңмен жауап қайтарған.

"Ұға алмаса жан сырымды бұл ортам
Кімге өкпелеп, қай пендеге мін артам?
Шалбар киіп жүргеннен соң шірімей
Келе жатыр мойнымдағы қыл арқан..." - деп жазды ол.

Дереккөз:  Massaget.kz
Сурет: ғаламтордан алынды