Басқарма басшысы тағайындалды

Уақыты: 23.10.2023
Оқылды: 918
Бөлім: САЯСАТ

Облыс әкімінің өкімімен Бекетаев Айдос Халилоллаұлы Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бекетаев Айдос Халилоллаұлы 1982 жылы туған. Білімі жоғары. "Тұран" және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «қаржы», «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы "Ерсак" ЖШС менеджері болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің бас маманы, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2021 жылдың қараша айынан - Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары.