Энергетика вице-министрі қызметінен кетті

Уақыты: 11.12.2023
Оқылды: 674
Бөлім: САЯСАТ

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кетті. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұрмағанбетов басшылықпен жанжалдасып қалғаны үшін жұмыстан шығып кетті деген қауесет тарады. Осыған қатысты министрлік түсініктеме берді.

"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында еңбек демалысына шығып, басқа жұмысқа ауысуына байланысты кейін жұмыстан босатылды. Вице-министр мен ведомство басшылығының арасындағы кикілжің туралы желіде таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – деді энергетика министрлігі.

Жандос Нұрмағанбетов 2021 жылдың 13 желтоқсанында энергетика вице-министрі болды.

1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, ҚМЭБИ-ді бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастады.

  • 2005-2010 жылдары - "Қызылорда аймақтық электр энергетикасы компаниясы" АҚ бас директоры.
  • 2011-2013 жылдары - Қызылорда қаласы СПК ҰК АҚ басқарма төрағасы.
  • 2013-2019 жылдар аралығында жеке компанияда жұмыс істеген.
  • 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "KEGOC" АҚ стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Сурет: primeminister.kz