"Бұрын-соңды мұндай жүйелі шаралар болмаған": Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады

Уақыты: 12.12.2023
Оқылды: 852
Бөлім: САЯСАТ

"Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті қолдауға қатысты нақты әрекеттер керек екенін атап өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Сала жұмысы бойынша маңызды марапаттау рәсімінде мемлекет басшысы бизнесті қолдау және Қазақстанға инвестиция тарту жөнінде маңызды сөз сөйледі.

"Жалпы, инвестиция тарту ісінде "бюрократияға мүлде жол жоқ – барынша нақты іс-әрекет" қағидаты басшылыққа алынуы қажет. Қолға алынған істің нәтижесі мемлекеттік аппараттың жіті назарында болуға тиіс", – деді Тоқаев.

Нақты іс әрекет демекші, осы ретте Президент өз тапсырмасын еске сала отырып, өңдеу секторына қаржы салатын инвесторлар 2024 жылдан бастап үш жылға салықтан босатылатынын жеткізді.

"Бұрын-соңды мұндай жүйелі шаралар болмаған әрі оның шешуші сипаты бар. Әйтпесе, инвестиция үшін өте жоғары халықаралық бәсекелестік қалыптасып тұрған жағдайда көздеген мақсатқа қол жеткізу қиынға соғады".Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Сурет: akorda.kz