ҚАЛА ӘКІМІ ЕРКІН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Уақыты: 18.04.2024
Оқылды: 470
Бөлім: САЯСАТ

Қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы Еркін ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жүздесу кезінде өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтардың орындалуы бойынша есеп берілді.


Сонымен қатар, қала әкімі округ тұрғындарының көкейінде жүрген әрбір сұрақты мұқият тыңдап, тарқата жауап беріп, жауаптыларға тиімді жағын қарастыра отырып, шешуді тапсырды.

Мәселен, тұрғындар жаңа спорттық кешеннің керектігін, ішкі көше жолдарын ретке келтіруді және жарықтандыру мәселесін көтерді.

Айта кеткен жөн, Көктал шағын ауданына 1200 орынды мектеп және Еркін ауылында мәдениет үйі салынып, бірнеше көшеге қатты жабынды асфальт төсемесі салынатын болады.

Бұдан бөлек, округті одан әрі дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асырылмақ.