Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ: ҚАЗАҚСТАНДА КЕЛЕР ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА САЙЛАУ ӨТЕДІ

Уақыты: 21.10.2020
Оқылды: 684
Бөлім: САЯСАТ

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Онда 2021 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтетіні айтылған.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2)тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын.

2.Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын.

3.Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.

4.Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Президент Жарлығында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан