"ADAL" "AMANAT" ПАРТИЯСЫНА ҚОСЫЛА МА? ТАҒЫ ДА КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗД

Уақыты: 21.04.2022
Оқылды: 1625
Бөлім: МІНБЕР

«AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 26 сәуірде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желіде жазды. «Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған барлық өңірлерден делегат қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп, дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда», - деді А.Оралов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"