Еркін күрестен соңғы лицензиялық турнирге кімдер барады

Уақыты: 26.04.2024
Оқылды: 272
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов мамыр айында Стамбулда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық жарысқа кімдердің қатысатынын айтты. 

ҚР Олимпиадалық компитеті атап өткендей, бас бапкер аталған әлемдік іріктеу жарысына баратын балуандарды Түркияда өткен «Яшар Догу» турнирінде анықталған.

«Біз Азия аймақтық лицензиялық турнирі басталмай тұрып, жолдама болмаған жағдайда, соңғы іріктеуде кімдердің күресетінін белгілеп қойдық. «Яшар Догу» халықаралық турнирінің қорытындысын назарға аламыз. Қазір бізде 3 салмақта жолдама жоқ. Сондықтан, Стамбулдағы соңғы турнирге 57 келі салмақта Рахат Қалжан, 65 келі салмақта Адлан Асқаров және 74 келіде Талғат Сырбаз қатысады. Жолдаманы кім жеңіп алады, сол Олимпиадаға барады», - дейді бас бапкер.

Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық жарыс 8 мамырда басталады. Ал Бішкекте өткен лицензиялық турнирде Әлішер Ерғали (97 келі) мен Юсуп Батырмұрзаев, Сербиядағы әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков (86 келі) жолдама иеленген.

Фото: qaz_olympics