Мамырда Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық күтіледі?

Уақыты: 05.05.2024
Оқылды: 381
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Синоптиктер мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтілетінін айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Сәуірде жауған жауын-шашынды және ауа райы болжамын ескере отырып, Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаятыны айтылды.

Құрғақшылық күтіледі:

  • Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында;
  • Қостанай облысының Амангелді ауданында;
  • Қарағанды облысының Шет ауданында.

Бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады:

  • Қостанай облысының Қарасу ауданында;
  • Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында;
  • Павлодар облысының Ақтоғай, Успенка аудандарында және Павлодар қаласының маңайында;
  • Батыс Қазақстан облысында Бурлин, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында;

Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық деп есептелген.

Фото:depositphotos.com