Елімізде енді ескі көліктерге салынатын салық мөлшері шығарылған жылына байланысты белгіленеді.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттарына берген жауабында көлік салығы туралы айтты.
Үкімет басшысы:
"Олар салық сомасын көліктің пайдаланылу мерзіміне және бағасына қарай белгілеу – анағұрлым әділетті болатынын алға тартады. Осыған байланысты жаңадан әзірленіп жатқан Салық кодексінің жобасында автомобильдің шыққан жылына қарай салық салу көлемін де саралап, дифференциациялау тәсілі ұсынылып отыр", – деді.
Елімізде автоколікке байланысты біршама мәселелер бар. Соның ішінде салық мәселесі көптеген жылдар бойы өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Үкімет жобада:
- шығарылғанына 10 жылдан 20 жылға дейін мерзім өткен автомобильдер үшін 0,7;
- шығарылғанына 20 жылдан асып кеткен автокөліктер үшін – 0,5 коэффициентке төмендетуді ұсынған.
Премьер-министр Салық кодексіне енетін өзгеріс пысықталып жатқанын айтты. Үкімет шешімді мақұлдаған, жоба әлі талқыланады.
Фото: depositphotos.com