"Қайтыс болғанынан бес жыл өтпей қойылмайды": Қазақстанда тірі адамға ескерткіш орнатуға шектеу қойылады

Уақыты: 04.05.2024
Оқылды: 425
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мәдениет және ақпарат министрлігі ескерткіш қою ережелерін дайындап шықты. Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігі дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Құжатта мұндай нысандарға анықтама берілген және оларды қою ережесі бекітілген. 

"Монументалды өнер құрылымдары – көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды еске алу үшін орнатылған өнер туындылары (ескерткіштер, бюсттер, стелалар, барельефтер, рельефтер)", – делінген ережелерде.

Құжатқа сәйкес, "монументалды өнер құрылыстарын орнату жұмыстарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен жүргізеді".

Ескерткіштер "Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен көрнекті тұлғалардың, маңызды тарихи оқиғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне" қойылуға тиіс.

Бұл ретте ескерткіш қойылған адамның аты республикалық ономастика комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде болуы керек.

“Ерекше тұлғаға ескерткіш қайтыс болғанынан бес жыл өтпей қойылмайды. Тек мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, маңызы бар тарихи оқиғаға үлес қосқан, батырлық пен қайсарлық танытқандарға қоюға рұқсат етіледі”, – делінген жаңа ережелерде.

Ескерткіштер жеке ұйым аумақтарында және жеке меншік иелері мен пайдаланушыларға тиесілі учаскелерде орнатылмауға тиіс.

Жергілікті атқарушы органдар монументалды өнер құрылыстары бойынша жұмысты жоспарлап жүргізеді.

"Жергілікті атқарушы органдар құрылыс салу туралы ұсынысты уәкілетті органға ұсынады. Оған бөлінетін қарсы расталып, жер учаскесін бөлу туралы шешім шығып, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның хаттамасы болуға тиіс", – делінген ережеде.

Үздік құрылыс жобасына конкурс жарияланады. Келіп түскен ұсыныстарды уәкілетті орган құрған комиссия қарайды. Ол ескерткіш жобасын мақұлдай алады немесе оны қайта қарауға жіберуі мүмкін.

Монументалды өнер ғимараттарын орнату ережелерінің толық мәтінін мына жерден қарай аласыз.

Құжатты талқылау 2024 жылғы 21 мамырға дейін жалғасады.   

Фото: akorda.kz