Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Уақыты: 05.05.2024
Оқылды: 354
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бір адамды тергеу изоляторында ұстауға кететін шығын айына шамамен 750 000 теңге. Тергеу мен сот процесстерінің орташа уақыты 3 айдан 6 айға дейін созылады деп есептесек, онда адамды бір іс бойынша қамауда ұстау мемлекетке 6 миллион теңгеге дейін шығын келтіреді,

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Malim.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Жоғарғы соттың ресми сайтында хабарланғандай, қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді. Мәселен,  2021 жылы 2 адам, 2022 жылы 19 адам, 2023 жылы 32 адам, 2024 жылдың 4 айында  6 адам үй қамаққа жіберіліп, электронды білезік тағып жүргені хабарланып отыр.

Күдікті білезікті шешкісі келсе, дереу тергеу органына сигнал түседі. Білезіктің қуаты 11 айға дейін жетеді, ал бір білезіктің құны шамамен 1 млн теңгені құрайды. Бүгінде бір адамды қамауда ұстауға арналған шығын айына шамамен 750 000 теңгені құрайды, яғни 2 айдағы шығын бір электрондық білезіктің құнына тең. Бұл ретте тергеу мен сот процестерінің орташа уақыты 3 айдан 6 айға дейін созылады және адамды бір іс бойынша қамауда ұстау мемлекетке 6 миллион теңгеге дейін шығын келтіретінін атап өткен жөн, - деп хабарлады соттан.


Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.

Фото: t-l.ru