Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ ДҮКЕН АРАЛАП, АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

Уақыты: 29.07.2022
Оқылды: 867

Бүгін «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанынан азық-түлік бағалары бойынша сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ құрылып, өңірдегі ірі сауда үйлері мен дүкендерді аралады.

Мониторинг 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына жасалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізіліп, қала бойынша орташа баға есептелді.

Сараптама барысында тұрғындар көп тұтынатын азық-түлік бағаларын шектен тыс көтермеу жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізіліп, баға негізсіз өскен жағдайда кәсіпкерлерге шара қолданылатыны ескертілді. Шара барысында кәсіпкерлер тарапынан бағаны тұрақтандыру бағытында ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы партияның қоғамдық кеңесінің тұрақты бақылауында болады.

Айта кетейік, партия жанынан арнайы жасақталған мониторингтік топтың құрамында партия жанындағы қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"