Дамуға бастайтын даңғыл

Уақыты: 12.09.2024
Оқылды: 215
Бөлім: МІНБЕР

Бәрімізге белгілі Мемлекет басшысы Конституциямен бекітілген міндеттеріне сәйкес, Қазақстан халқына елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты жыл сайын арнайы Жолдау жолдайды. Жыл сайын әр Жолдауды халық асыға күтіп, жағымды жаңалықтар мен келелі өзгерістерді күтетіні анық. Қазақ елінің әрбір азаматының көкейтесті мәселелерін шешуге арналған жаңа Жолдау еліміздің дамуында, халқымыздың өмірінде көптеген жаңалық болатынын көрсетті. Сарбаздардың қауіпсіздігі, ең алдымен, әскер басшылығы мен құқық қорғау органдарының басшыларына байланысты.

Президент жүктеген басты мақсат – азаматтардың табысын арттырып, осы жолмен жүру үшін әділ Қазақстанды құру. Бұл саяси жаңғырудың бастауы. Мемлекет басшысы: «Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік реформаға ұштастыру қажет», – деді. Яғни өңірдегі қоғам өкілдері де жаңа бастамаларға қолдау білдіріп, өзекті мәселелерді қысқа мерзімде шешудің маңыздылығын айтуда. Халқымыз үшін жасалып жатқан әрбір игі іс, әрбір жаңа бастама – тәуелсіз еліміздің жаңаша бағытта дамып жатқанының айқын көрінісі. Біз Президентіміздің елге артып отырған сенімін ақтап, ұйымшылдықпен бірлесе отырып, Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарды қарқынды түрде дамытуға бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Бұл Жолдау – дамудың даңғыл жолының кезекті бір қадамын айқындап берді.

Ел Президенті дәстүрлі Жолдауында ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, еліміздегі өнеркәсіптің әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру, әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету сынды халық қалауындағы әр тақырыптарға егжей-тегжейлі кеңінен тоқталып өтті.

Президент Жолдауының түйіні ретінде азаматтарды елге адал қызмет көрсетуге, абыройлы қызмет атқаруға, терең білім алып, талмай еңбек етуге шақырғанын еске салды.

Әмір МАНСҰРОВ,

ҚР Ұлттық ұлан 5514 әскери бөлімінің командирі