ПРАЙМЕРИЗ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР КҮНДЕ 90-ҒА ЖУЫҚ ҮМІТКЕР ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

Уақыты: 18.08.2020
Оқылды: 877
Бөлім: МІНБЕР

Партия праймеризінде жетісулықтар белсенді түрде саяси науқанға араласып, өз өтініштерін білдіруде.

Атап айтсақ, бір күн ішінде 83 азамат «Праймериз» веб-порталымен мобильді қосымшасы арқылы немесе партия филиалына келіп, өз өтініштерін қалдырды. Ел ішіндегі әлеумет мәселесін, мұң-мұқтажын көтеріп жүрген жетісулық белсенді азаматтар праймериз арқылы өңірдің дамуына өз үлестерін қосуға ниеттерін білдіріп отыр.

Осы орайда олар партияның түрлі алаңдарын пайдаланып, билік пен бұқара арасында алтын көпірге айналған партияның мүмкіндіктерін пайдаланбақ. Тіркеу жұмыстары 28 тамызға дейін жалғасатындықтан, күнделікті тіркеу жұмыстары жүргізіліп, партия филиалдарынан құрылған ұйымдастыру комиететтерінің мүшелері құжаттарын қарастырып, тиісті кеңестерін де беруде.

Құжатты тапсырмас бұрын түрлі сұрақтарға жауап алу үшін үміткер колл-орталыққа да хабарласып, тиісті жауабын үйден шықпай-ақ алуына мүмкіндіктер қарастырылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"