АЛАКӨЛ ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 22.12.2020
Оқылды: 872
Бөлім: МІНБЕР

Алматы облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер Жанар Рысбекова Алакөл ауданының тұрғындарына сайлауалды бағдарламаны таныстырды.

Қазақстан ауылында өткен канвассинг-кездесу аясында үміткер ауданның зор құрметіне ие бір топ азаматтың үйінде болып қайтты. Әр шаңырақ иесімен пікір алмасып, партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндірді. Жылы жүздесу аясында ауыл тұрғындары үміткерге сұрақтарын қойып, тұщымды жауабын алды.

Үміткер тарапынан алакөлдіктерге 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы)