АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 09.02.2021
Оқылды: 1198
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған қаласына жаңа прокурор тағайындалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Бақытжан Мұратұлы 1982 жылы дүниеге келген. 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында прокурор көмекшісі болып бастаған. Әртүрлі кезеңде Қарасай ауданы прокурорының орынбасары және Талдықорған қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарған. Талдықорған қаласының прокуроры болып тағайындалғанға дейін Алакөл ауданының прокуроры қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі - 18 жыл. Сыныптық шені - әділет кеңесшісі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"