Жыл басынан бері 30-дан астам жаяу жүргінші зардап шекті

Уақыты: 29.08.2023
Оқылды: 797
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жыл басынан бері Жетісу облысында жол апатынан 30-дан астам жаяу жүргінші зардап шекті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Polisia.kz сайтына сілтеп.

Жетісу облысының полицейлері балалардың жол-көлік жарақаты мәселесіне қоғамның назарын аудартып жатыр. Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмаған 31 жаяу жүргінші көлік астына түсіп, оның 4-уі қайтыс болған.

– Қазір балалардың жол-көлік жарақаты мәселелері бұрынғыдан да маңызды. Жаяу жүргінші балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларынан басқа, скутер, велосипедшілердің қатысуымен болған жол-көлік апатының мәселесі де өте өзекті болып тұр. Биыл жүргізілген талдауға сәйкес, жол-көлік апатында велосипед пен скутерді басқару кезінде кәмелетке толмаған 1 жасөспірім қаза тауып, 8 бала зардап шекті, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ЖПҚБ.

Соңғы факті 25 тамызда Панфилов ауданында тіркелген, онда Volkswagen Passat автокөлігі 9 жасар оқушыны қағып кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға Әулиеағаш – Көктал тас жолының 9 шақырымында болды.

Фото: көрнекілік үшін