Ел тағдырын айқындаушы

Уақыты: 30.08.2023
Оқылды: 691
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Құрметті Жетісулықтар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстан халқы үшін тарихи шешім қабылданып, еліміздің Конституциясы бекітілді.

2022 жылғы 5 маусымда ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтіп, Ата Заңымыздың үштен бір бөлігі өзгерген болатын. Бұл референдумға мемлекетіміздің әрбір азаматы қатысып, ел тағдыры үшін айрықша мәні бар шешім қабылдап дауыс берді. Соның арқасында демократиялық дамуымыздың жаңа кезеңіне қадам жасалды.

Ата Заңымыздың арқасында мемлекетіміздің ішкі саяси тұрақтылығы берік болып, әлемнің өркениетті елдерімен экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас орнаттық. Уақыт сынынан сүрінбей өткен Ата Заңымыздағы қағидаттар бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.

Еркіндік пен теңдіктің, тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілдігіне айналған Конституция күні құтты болсын! Мемлекетіміз нығайып, гүлдене берсін. Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Гүлнар Тойлыбаева,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы