Жетісу облысында департамент басшысы жүйелі түрде пара алған

Уақыты: 31.08.2023
Оқылды: 757
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысының заңсыз қызметінің жолын кесті.

Шенеунік медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру жөніндегі қызметін жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды»деп мәлім етті Антикор.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: ашық дереккөзден