Жетісу облысының прокурорлары 3 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алу процесін тоқтатты

Уақыты: 06.10.2023
Оқылды: 884
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін 74 лауазымды адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тек биылдың өзінде Жетісу облысының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу процесін тоқтатты.

Мемлекеттік органдар негізінен әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалап, міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялады және т. б.

Прокуратура өкілдері 85 млн теңгенің сатып алу прцесін өткізудің алдын алды. Олар бойынша мемлекеттік органдар «бір көзден алу» тәсілімен негізсіз қорытынды жасауға тырысқан.

Тек бір Алакөл ауданында прокуратураның қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 4 ауылдық округ әкімі бар.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлғасына ӘҚБтК-нің 207-бабы (Мемлекеттік сатып алуды бұзу) бойынша жалпы сомасы 13 млн теңгеге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сурет: ғаламтордан алынды