Жемқорлыққа жол жоқ

Уақыты: 07.10.2023
Оқылды: 914
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің міндеті – техникалық реттеу, өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу, зергерлік бұйымдар мен басқа да бағалы металдардан жасалған бұйымдарды сату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, және де Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін өндіруге рұқсат беретін лицензия алу барысында  бақылауды жүзеге асыру.

Департамент өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін қоғамның құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес адамгершілік, зияткерлік, мәдени даму және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын үздіксіз тәрбие мен оқыту процесін жүргізеді.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың лауазымы тиісті заңнама талаптарын білумен, Кәсіпкерлік, әкімшілік рәсімдік-процестік және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінің талаптарын сақтаумен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауды міндеттейді.

Мемлекеттік қызмет – қоғамның өмірін қамтамасыз ету және қоғамдық мүддені ең жақсы және тиімді түрде қанағаттандыру. Сондай-ақ, қоғам мүддесіне адалдық танытып, Қазақстан халқының бірлігі мен еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосуды, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге міндеттейді. Қоғам мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттері мен қызметін заңға сәйкес сауатты және сапалы орындауын адал ниетпен күтеді.

Департаменттің мемлекеттік инспекторлары ұзақ уақыт бойына өз міндеттерін сауатты және сапалы атқарып келеді, күн сайын профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Ай сайын департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбы бойынша техникалық оқу курстары өтеді. Сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» стратегиясы қабылданды.

Жетісу өңірінің тұрғындары, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамалық нормаларды іске асыруда, өнімді сертификаттау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу бөлігінде проблемаларға тап болған шаруашылық жүргізуші субъектілер «ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті» РМУ-ге хабарласа алады, біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесі, 69  «А», 213-кабинет, тел. 8 (728 2) 245528, 242051, e-mail: tk.gosnadzor@mail.ru.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «e-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберуге болады.

Б.Омарова
ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша
Техникалық реттеу және метрология комитетінің департамент басшысы
Фото: ғаламтордан алынды