Жоғарғы соттың бірқатар судьялары қызметінен босатылды

Уақыты: 12.10.2023
Оқылды: 776
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«ҚР Жоғарғы сотының судьялары Ұлболсын Сүлейменованы, Сембек Баймахановты, Өміртай Ыбыраевты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді. Осы судьялар зейнет жасына жетті. Судьялардың бұл саладағы тәжірибесі мол. Олардың осы жұмыстағы еңбек өтілі 28 жылдан 37 жылға дейін қызмет еткен», — деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Фото: Kazinform