ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ

Уақыты: 12.11.2023
Оқылды: 750
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қобылан Манаптың жетекшілігімен өткен жиында 11 мәселе қаралды. Оның екеуі тәртіптік іс, сегізі профилактикалық сұрақтар.

Қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен Әдеп кодексінің 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің әділдік қағидатын сақтамай, яғни заңды шешім қабылдамағаны және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұрмағандары үшін Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысына және Көксу ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысына қатысты тәртіптік істі қарады. Оның іс-әрекетінде Әдеп кодексінің талаптарын сақтамау және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылды. Көліктік бақылау инспекциясының басшысына жүктелген міндеттерді тиісті түрде орындамағаны үшін жауаптылығын қарастыруды Қазақстан Республикасының Көлік комитетіне кері қайтару ұсынылды.

Отырыста мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың профилактикалық сұрақтары тыңдалды. Текелі қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қызмет нәтижелері, 2023 жылдың 3 тоқсандық қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысының қорытындылары айтылды. 2023 жылдың 9 айының нәтижелері бойынша Департамент пен жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметіне, мемлекеттік орган жойылған, қайта ұйымдастырылған, басқару құрылымы өзгерген кезде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына, мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру мен  іссапар шығындарын төлеу талаптарының, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыйақы алу кезіндегі құқықтарының сақталуына жүргізілген талдаулардың нәтижелері қарастырылып, мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар берілді.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Фото: Ғаламтордан алынды