Елімізде автокөлікті міндетті сақтандырудың құны өзгереді

Уақыты: 17.11.2023
Оқылды: 480
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

2024 жылдан бастап автокөлікті міндетті сақтандырудың құны өзгереді. Мұны қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Енді сақтандыру құнына көлік тіркелген өңірдегі апатты жағдайлардың деңгейі ықпал етеді. Мәселен аймақта апатты оқиға аз болған сайын сақтандыру тарифі аз болады.

Агенттік 2024 жылға арналған тарифті бекітіп үлгерген. Олар көлік тіркелетін әрбір өңірге қолданылады. Болжам бойынша, еліміздің 11 өңірінде автокөлікті сақтандыру құны төмендемек. Тағы жеті аймақта сақтандыру бағасы, керісінше, артуы мүмкін. Ал Қарағанды және Ұлытау облыстарында тариф өзгеріссіз қалады деп болжанды.

“Автокөлікті сақтандыру құнын анықтаудың жаңа тәртібі өңірдегі апаттылық деңгейіне қарай оларға түзету коэффициенттерін қолдану арқылы көлік құралы тіркелген өңірдің өлшемін түзетуді көздейді. Түзету коэффициенттері сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордағы автоматтандырылған есептеу арқылы жыл сайын айқындалмақ. Бұл ретте барлық қолданыстағы өзге де өлшемшарттар, оның ішінде көлік жүргізу тарихы сақталады”, – деп мәлімдеді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Фото: көрнекілікке алынды