Жетісуда «Құқықтық тәртіп» шарасы өтіп жатыр

Уақыты: 21.11.2023
Оқылды: 513
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісуда «Құқықтық тәртіп» жалпы республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Ол криминогендік жағдайды сауықтыруға, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға, сондай-ақ автожолдардағы апатты азайтуға бағытталған.

- Аталған алдын алу іс шарасы құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында өткізіледі. Арнайы мобильді топтар құрылды. Іс шара жергілікті атқарушы органдармен, «Аманат» партиясының өңірлік филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар қозғалыстарының өкілдерімен, блогерлермен және еріктілермен өзара іс-қимыл жасасу кезінде ұйымдастырылды,- деп атап өтті облыс ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.

Аймақ полициясы азаматтарды құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауға, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік таныту және заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Профилактикалық іс шара елімізде 30 қарашаға дейін жалғасады.

Фото: ашық дереккөзден