Жетісуда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыс 12 пайызға төмендеді

Уақыты: 22.12.2023
Оқылды: 480
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісуда полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандырды. Осы жылдың соңғы айларында 287 отбасылық жанжалқойға қатысты мінез-құлыққа ерекше талаптар қойылды.

«Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылық тақырыбы бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Бұл мәселеде мүдделі органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып жүргізілетін алдын алу іс-шараларына ерекше назар аударылады. Жұмыс, ең алдымен, алкогольді асыра пайдалануға бейім және кейіннен өз туыстары мен жақындарына қатысты құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарды анықтауға бағытталған»,– деп атап өтті облыс ПД ЖПҚБ-ның бастығы Қайсар Мұхметов.

Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше ағымдағы жылы полицейлер 2425 жанжалқойға қатысты шаралар қабылдады, олардың бір бөлігі сот шешімімен жазадан басқа мінез-құлыққа ерекше талаптар қойылды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап отбасылық агрессордың жауапкершілігі күшейтілді. Заң күшіне енген күннен бастап өңірде 841 шағым тіркелді, олардың әрқайсысы бойынша шаралар қабылдаумен тексеру жүзеге асырылды. Сонымен қатар, алдын алу жұмыстарын жандандырудың арқасында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыс 12 пайызға төмендеді», – деп атап өтті Қ. Мұхметов

Өңір полициясы көбінесе отбасылық жанжалқойлар алкогольді ішімдіктерді теріс пайдаланатынын толықтырды, бұл 60 пайыздан астамын маскүнемдіктен емдеу үшін арнайы мекемелерге жіберуге мәжбүр етті.

Фото: tsn.ua