Биыл Жетісу облысында 342 мас жүргізуші жауапқа тартылды

Уақыты: 26.12.2023
Оқылды: 564
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Биыл Жетісу облысында 342 мас жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.    

Осы жылы Жетісу автожолдарында 342 көлік жүргізуші көлікті мас күйде басқарған. Оның 34-і аталған құқықбұзушылыққа қайта жол беріп, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

«Соңғы дерек Текелі қаласында тіркелді, онда патрульдік полиция қызметкері ВАЗ-21053 көлікті тоқтатып мас күйінде басқарған 35 жастағы қала маңындағы ауыл тұрғынын ұстады. Ұсталған адамның көлігі арнайы автотұраққа қойылды, жүргізуші қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Деректер базасын тексеру кезінде ер адам 2021 жылдың сәуір айында мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін жауапқа тартылғаны анықталды.

 ҚР ҚК-нің 346-бабына сәйкес (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қазір ұсталған адамға ірі айыппұл, қоғамдық жұмыстар, 5 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Фото: Polisia.kz